Украина президенті Петр Порошенко (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Нормандия, 6 маусым 2014 жыл. Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко 19 маусымда кешке телефон арқылы екі ел арасындағы жанжалды реттеу жайын сөйлесті.Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың хабарлауынша, "Ресей-Украина қарым-қатынасын талқылаудан өзге, Путин Украинаның оңтүстік-шығысында қақтығыстарды реттеу үшін атысты тоқтатудың маңызды екенін айтқан".
Украина президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Порошенко бейбіт жоспарын іске асырудың маңызды тұстары мен кезеңдері жайлы айтқан. Украина президенті кепілдегілерді босатып, украин-ресей шекарасында тиімді бақылау тәртібін орнату қажеттігін жеткізген.
Украина мен Ресей президенттері осы аптада осымен екінші рет телефон арқылы сөйлесіп отыр. Мұның алдында Порошенко мен Путин 17 маусымда сөйлескен.
Дереккөз: azattyq.org
20 маусым 2014, 10:59
В Атырау +3