АҚШ президенті Барак Обама Ирактағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасап тұр. Вашингтон, 19 маусым 2014 жыл.АҚШ президенті Барак Обама 19 маусымда исламшыл содырлар шабуылына ұшыраған Ирактағы жағдайларға байланысты бірқатар шаралар қабылданатынын мәлімдеді.
Вашингтонда брифингте сөйлеген Обама Ирактағы америкалық дипломатиялық миссияны қорғау, Ирак билігін қолдау мақсатында барлау деректерін жинау, бұл елге 300-ге жуық америкалық әскери кеңесшілерді жіберу туралы айтты.
Барак Обама шабуыл жасаған "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын топтың орналасқан жері мен іс-қимылына аңду жасау үшін Ирак территориясы үстінен АҚШ ұшақтары мен пилотсыз ұшақтары бақылау жасап, Парсы шығанағында америкалық кемелер кезекшілік жасайтынын айтады.
АҚШ президенті қажет болса "нақты әрі мақсатты әскери қимыл" болуы мүмкін екенін жоққа шығарған жоқ.
Обаманың пікірінше, Иракта тұрақтылық орнауы үшін бұл ел билігі кейбір алауыздықтарға қарамастан іс-қимылын ашық, үйлестіре отырып жасауы тиіс. АҚШ президенті бұған қоса Ирак үкіметінде елдегі барлық топтардың мүдделері ескерілетіндей өзгерістер жасалуы қажетін айтты.
18 маусымда Ирактың сыртқы істер министрі Хошияр Зебари АҚШ-тан елдің солтүстігінен Бағдадқа қарай шабуылдап келе жатқан исламшыларға қарсы әуеден соққы беруді сұраған.
Қазір Иракта исламшылдар Бағдадтан солтүстікке қарай 200 километр жердегі Байджиде ірі мұнай өңдеу зауытына бақылау орнату үшін үкімет әскерімен шайқасып жатыр.

Дереккөз: azattyq.org
20 маусым 2014, 10:57