Атырау, 24 қараша 13:53
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Exxon Mobil өз қызметкерлерін Ирактан эвакуациялауда

1 075 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - Exxon Mobil және BP сынды әлемнің ірі мұнай компаниялары Ирактан өз қызметкерлерін эвакуациялауда. Бұған аталған елдің қарулы күштері мен исламистердің арасындағы қақтығыстар себеп болды, деп хабарлайды neftegaz.ru.

Жоғарыда аталған екі компанияға қоса, Royal Dutch Shel компанясының Иарактағы бөлімшесі де өз жұмысшыларын қауіпсіз жерге көшіру жоспарын әзірлеп қойғанын айтуда. Қалған мұнай компаниялары елдегі ахуал нашарлай бастаған кезде ғана көшуді ойластырып отыр.

Әзірге жағдай бір қалыпты, қақтығыстар Ирактан мұнай өндіру мен экспортқа әсер еткен жоқ.

Мұнай бағасы да тұрақты. Атап айтқанда, 19 маусымдағы жағдай бойынша 1 баррель мұнайдың құны 114 АҚШ долларын құрады.

Бұған бір жағынан Батыс Курна және Румайла секілді басты мұнай кен орындары исламистердің бақылауындағы аумақтардан алыс орныласқаны себеп болып отыр.

Дереккөз: inform.kz

20 маусым 2014, 10:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.