Атырау, 1 қазан 12:16
 ашықВ Атырау +15
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Форум жақындаған сайын көліктер жаңаруда-2

2 166 просмотра

Toyota Land Cruiser 200Toyota Land Cruiser 200Атырауда күзде болатын Қазақстан мен Ресей өңіраралық әріптестігі форумында президенттік кортежге жол бастау үшін ІІД әрқайсысының бағасы $100 000 болатын екі «ToyotaLand Cruiser 200»көлігін сатып алды. 

Осы лот туралы ақпаратты біз мемлекеттік сатып алу сайтынан алдық: «Жақсы жабдықталған, көлемі жинақы, жолсызбен жүретін көлік. Жоспарланған сомасы- 33 970 060 теңге».

Көліктер қазірдің өзінде Атырауға келіп тұр. Сатып алынған көліктер жөнінде Атырау облыстық ІІД күштік қамтамасыз ету бөлімімінің басшысы Демеген БЕКІМОВ растады:

- Жолсызбен жүретін көліктерді біз Форумға келетін президенттерге жол бастау үшін сатып алдық. Олар өз көліктерімен келеді және олардың барлығы - шетелдік автомобильдер. Біз оларды өзіміздің отандық көліктерімізбен қарсы алмаймыз ғой, - деді Бекімов.

Оның айтуынша, көліктер «дабыл қаққыштармен» жабдықталады.

Естеріңізге салсақ, Форумға келетін қонақтар үшін Атырау облысының әкімдігі жалпы сомасы 150 млн теңгеге 14 жоғары сыныпты автокөлік сатып алған еді Форум жақындаған сайын көліктер жаңаруда»).

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

20 маусым 2014, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.