Атырау, 6 мамыр 15:19
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ӘЧ-2014: Уругвай Англиядан жеңісті тартып алды

1 377 просмотра

Уэйн Рунидің Уругвай қақпасына соққан голы. AFP©Уэйн Рунидің Уругвай қақпасына соққан голы. AFP©Бразиялада футболдан өтіп жатқан ӘЧ-2014 ойындарында Уругвай құрамасы Англиядан жеңісті жұлып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz. порталына сілтеме жасай отырып.  Әлем чемпионатының сегізінші күніндегі ойынды "Первый канал "Евразия" арнасы тікелей эфирден көрсетті. 

D тобындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс Уругвай құрамасында. Өзінің командасына жеңісті Луис Альберто Суарес әкелді. Ол ойынның 39 және 85 минуттарында қарсыластарының қақпасына гол салды. Ағылшындықтар да қарап қалған жоқ, ойынның 75 минутында Уэйн Рунидің қақпаға бағыттаған тобы дәл түсті. 

Сонымен 3 ұпай жинап Уругвай Италия мен Коста-Риканы қуып жетті. Англия құрамасы Әлем чемпионтаныда екінші мәрте жеңіліп, әзірге ұпайсыз. Қорытынды матчты Англия құрамасы 24 маусым күні Коста-Рика құрамасымен ойнайды. Дәл осы күні Уругвай алаңда италиялықтармен кездеседі.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 маусым 2014, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.