18 маусым күні «Мұнайши» стадионында «Атырау» командасы футболдан Қазақстан Кубогының ширек финалдық матчында алматылық «Кайрат» командасын қабылдады.
Кубоктың екі матчы (үйде және қонақта) жартылай финал кезеңіне өтуге арналған жолдама ретінде қарастырылған. Жеребе біздің командамызға түсіп, оны алаң қожайыны етіп таңдады. Біздің ойыншылар жақсы бастама көрсетті, көп шабуылдады, 38-ші минутта Милош ТРИФУНОВИЧ есеп ашты. Алайда, екінші таймда «Атырауды» құдды біреу ауыстырып жібергендей болды. Шабуыл қарқыны жоғалып, қорғаушы жақ қателіктер жібере бастады. Ал қақпашы Андрей ШАБАНОВ өте сенімсіз әрекет етті. Соның салдарынан екінші таймның алғашқы 25-ші минутында қонақтар үш гол соқты. Қалған уақыттарда есеп өзгерген жоқ – 1:3. «Қайрат» жартылай финалға өтті.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ