Атырау, 24 қараша 13:49
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Малайзия: кеме апатының орнынан 9 адамның мәйіті табылды

2 294 просмотра

Астана. 19 маусым. Baq.kz – Малайзия жағалауында апатқа ұшыраған кеменің жолаушыларын іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқиға орнынан құтқарушылар бүгінде 9 адамның мәйітін тапқан. Тағы 27 адам жоғалғандар тізімінде.

Ағаштан жасалған кеменің бортында 91 Индонезия азаматы болған. Олар Малакка бұғазында су астына кеткен еді. Малайзия билігінің айтуынша, су көлігіне адамдардың шамадан көп отырғандығынан апат орын алған.

Болжам бойынша, суға кеткен индонезиялықтардың көпшілігі Малайзияда заңсыз жұмыс істеумен айналысқан. Демалысқа шыққан олар Индонезиядағы Ачех провинциясына, яғни өз үйлеріне қарай бет алыпты.

Полиция қазіргі таңда апаттан аман қалған елу адамды тергеп жатыр. Ал, құтқарушылар оқиға орнында жұмыстарын жалғастыруда.

Дереккөз: baq.kz

19 маусым 2014, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.