12 маусымда ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының (МАБ) Халықаралық үйлестіру комитетінің 26-сессиясының шешімімен Мемлекеттік «Ақжайық» табиғи резерваты халықаралық мәртебе алды.
Бұл - «Ақжайық» МТР-ның бірнеше жыл бойына жергілікті билік пен түрлі ведомстволардың қолдауымен жүргізіп келе жатқан жұмыс нәтижелері. «Ақ жайық» МТР ғылым және мониторинг бөлімінің бастығы Александр ИВАСЕНКОНЫҢ айтуынша, «Ақжайық» резерватын ЮНЕСКО тізіміне енгізу оған бірқатар міндеттерді, соның ішінде, экожүйені, резерватты мекендеушілердің түрлерін сақтауды, қоршаған ортаны қорғаудың өңірлік, ұлттық және жаһандық мәселелеріне байланысты ұлттық зерттеулер мен экологиялық білімді қолдауды жүктейді екен.
Зульфия ИСКАЛИЕВА