Атырау, 24 қараша 14:05
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Канада Тынық мұхитында мұнай құбырын салуды жоспарлап отыр

1 893 просмотра
Канада үкіметі Альберт провинциясы мен Тынық мұхитының жағалауын жалғайтын мұнай құбырын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ВВС орыс қызметі.

«Солтүстік қақпа» құбыры Азияға бір тәулікте 500 мың баррель мұнай тасымалдауға мүмкіндік береді. Жаңа құбыр Канадаға отын экспортын әртараптандыруға жол ашады.

Альберт мұнайлы құмы әлемнің ең үлкен мұнай кен орны болып есептеледі. Қазіргі кезде мұнда күніне 2 миллион баррель мұнай өндіріледі.

Экологиялық белсенділердің айтуынша, мұндай мұнай құбырларын пайдаланудың салдарынан болашақта Тынық мұхитының жағалауларына мұнай төгілу қаупі бар. сондықтан экологтар үкіметтің бұл шешіміне қарсылық білдіріп, сотқа шағымдануы мүмкін.

Мұның алдында АҚШ үкіметі Канада мұнайын Мексика шығанағына жеткізетін мұнай құбырын салу туралы шешімді кейінге қалдырған болатын.

Дереккөз: bnews.kz

18 маусым 2014, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.