Атырау, 27 желтоқсан 17:04
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Cауықтыру төлемақысы жалақы көлемінде төленеді

4 532 просмотра

- Биыл қала мектептеріндегі мұғалімдерге еліміздің тәуелсіздігіне 20 жыл толуына байланысты 35 мың теңге көлемінде тоқсандық сыйақы берілгенін естіп едім. Өзім аудандық мектепте мұғаліммін. Бұл сыйақы аудандардағы мектептер мұғалімдеріне беріле ме? Сондай-ақ, жылына бір рет төленетін сауықтыру төлемақысы қалай есептелетінін білгім келеді.

Телефон арқылы

Қалалық білім бөлімінің бастығы Софья ӘЛІБАЕВАНЫҢ бізге берген жауабында былай деп келтіреді: «ҚР Білім туралы» Заңының 51-бабы, 2-тармағы, 8-тармақшасы негізінде оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде мектеп ұстаздарының еңбектерін көтермелеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің педагог қызметкерлеріне І тоқсан қорытындысымен сыйақы берілді.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10-желтоқсандағы №99-ІV Кодекстің (Салық кодексі) 163-бабында қызметкердің кірісіне анықтама берілген, яғни педагог қызметкерлерінің сыйақысы салық салуға жататын табыс болып табылады. Осыған орай, сыйақыдан ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 1-сәуірдегі №141 бұйрығымен белгіленген және табыс салығы және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары ұсталды. ҚР Үкіметінің 29-желтоқсан 2007 жылғы №1400 Қаулысының 3-тармағы 1-тармақшасына және ҚР Еңбек кодексінің 239-бабы, 1-тармағын басшылыққа ала отырып, мектептерде бір жолғы сауықтыру төлем ақысы 1 лауазымдық жалақы (должностной оклад) көлемінде төленіп отыр. Лауазымдық жалақы қызметкердің еңбек өтіліне байланысты, ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29-желтоқсан, №1400 Қаулысының 2 қосымшасымен бекітілген коэффициенттер мен базалық лауазымдық жалақының көбейтіндісімен есептелетіндігін қаперіңізге береміз».

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

23 маусым 2011, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.