Донецк облысының тұрғындары Мәскеуге баратын автобусқа мініп жатыр. Украина, 4 маусым 2014 жыл. Украинаның шығысында Краматорск қаласынан тұрғындар жаппай кетіп жатыр деп хабарлайды УНИАН агенттігі.
Жергілікті журналист Александр Олейниктің Facebook-тегі парақшасында хабарлауынша, қалада жұртты үрей басқан. Тұрғындар саяси ұстанымдарының әртүрлілігіне қарамастан қаланы тастап кетіп жатыр. Қала қазынасының жұмыс істемей тұрғанына бір айға жуықтағандықтан тұрғындардың өмір сүруі қиындаған. Жұмысшылар зауыт-фабрикалардан шығып жатыр.
Краматорскіде ауыз су қоры таусылуға жақын. Украин әскері мен ресейшіл сепаратистер соғысып жатқан көршілес Славянск қаласында су тазартатын орында апат болғаннан кейін Краматорскіде жағдай күрделене түскен.
Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасының" басшысы Денис Пушилиннің айтуынша, Украинаның шығысындағы қақтығыс жүріп жатқан аймақтардан Ресейге 15 мыңға тарта адам көшіп кеткен.
12 маусымда Ростов облысында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Ламберто Занньер украин босқындарымен кездеседі.

Дереккөз: azattyq.org
12 маусым 2014, 16:27