Атырау, 24 қараша 12:25
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Исламшылдар Ирактың екі ірі қаласын басып алды

2 196 просмотра

Фото infox.ruФото infox.ruИрактың Мосул қаласының тұрғындары бас сауғалап қашуда. «Леванте мен Ирактағы Ислам мемлекеті» исламистік топтары елдің солтүстігіндегі Мосул мен Тикрит қалаларын басып алды. Сондай-ақ, қала маңындағы кішігірім елді мекендер исламистердің қарамағына өтті. Мосул-Ирактың стратегиялық маңызды қалаларының бірі. Ал Тикрит Саддам Хусейннің туған қаласы.

Босқындар арасында қала тұрғындарымен бірге, әскерилер де бар. Исламистерден үрейі ұшқан армия жасақтары қаруларын тастап қашуда. Он мыңнан аса халық Күрдістанға келіп бас сауғалады. Жергілікті билік босқындарды уақытша лагерлерге орналастырып жатыр. Ирактың екі бірдей қаласын басып алған исламистер-түрмелердегі қылмыскерлерді босатып жіберген.

Сонымен бірге, басқыншылар бірнеше банкке шабуыл жасап, 429 миллион АҚШ доллары және алтын қалыптарын қолды қылған. Бұл ақпаратты «Интернейшнел Бизнес Тайм» интернет желісіне сілтеме жасап, «РИА Новости» таратты. Сондай-ақ, Мосул қаласының әкімшілік орталығы Найвана губернаторы бұл ақпаратты растады.

Дереккөз: astanatv.kz

12 маусым 2014, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.