Атырау, 19 мамыр 05:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ФИФА ӘЧ кезінде стадионға әкелуге тыйым салынатын заттардың тізімін жариялады

1 995 просмотра
АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА Бразилиядағы футболдан әлем чемпионаты ойындары өтетін стадиондарға әкелуге тыйым салынатын заттардың тізімін жариялады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мәліметтер бойынша, жанкүйерлерге трибунаға үлкен көлемді сумкалар, от шашу заттарын, музыкалық аспаптар, қолшатыр, үрленетін шарлар, оған қоса үйден тіскебасар және кез келген сұйық зат әкелуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, ені, ұзындығы, биіктігі 25 см-ден асатын, стадион орындығының астына сыймайтын көлемді кез келген затты әкелуге болмайды.

Ал, плакаттардың ұзындығы 2 метрден аспау керек. Тыйым салынған тізімге саты, орындық, үй жануарлары (соқыр адамдарды ертіп жүруге жаттыққан иттерді қоспағанда) және ұн тектес ұнтақ заттар да кірді.

Ең бастысы, көрермендердің денсаулығына зиян келтіретін кез келген затқа тыйым салынады.

Дереккөз: inform.kz

12 маусым 2014, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.