Фото: korrespondent.netАлматы. 12 маусым. ҚазТАГ –Өздерін Луганск халық республикасымыз (ЛХР) деп жариялаған республика енді өзінің тәуелсіздігін мойындауын сұрап Ресейге және 14 мемлекетке өтініш жасады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
«ЛХР Жоғарғы кеңесі, қалалық, аудандық халық депутаттары кеңестері, қоғамдық бірлестіктер Ресей Федерациясынан ЛХР-ды тәуелсіз егемен мемлекет деп тану туралы шешім қабылдауын сұрап өтініш жасады», - делінген ЛХР Жоғарғы кеңесінің басшысы Алексей Карякинқол қойған құжатта.
Хабарда айтылғандай, құжат 10 маусым күні кешкісін Жоғарғы кеңес отырысында қабылданыпты.
Осындай мәлімдемелер Армения, Беларусия, Венесуэлаға, Қазақстан, ҚХР, Куба, Никарагуа, Сербияға жіберіліпті.
Бұдан бұрын, 22 мамырда, жарияланған Донецк халық республикасының Жоғарғы кеңесі де Ресейден ДХР-дың тәуелсіздігін мойындауын сұрап өтініш жасаған.
12 мамырда жарияланған Донецк халық республикасы РФ-дан өзін құрамына қосып алуды сұрады. «Біз, Донецк халық республикасының халқы, 2014 жылғы 11 мамырда өткізген референдум нәтижесінде, және ДХР тәуелсіздігі туралы декаларациясының негізінде бұдан былай Донецк халық республикасы тәуелсіз егемен мемлекет болады деп жариялаймыз. ДХР халқының қалауын ескере отырып және тарихи әділеттіліктті қалпына келтіру үшін Ресей Федерациясынан ДХР-ды РФ құрамына кіргізу мәселесін қарастыруын сұраймыз», - деп мәлім етті сол кезде ДХР Жоғарғы кеңесінің төрағасы Денис Пушилин.
Бұрын хабарланғандай, 11 мамырда Луганск және Донецк облыстарында өңірлердің мәртебесі туралы референдум өткізілген болатын. Дауыс беру нәтижесінде өңірдің мемлекеттік тәуелсіздігі мен Луганск халық республикасын (ЛХР) құруды референдумға қатысқандардың 96,2%-ы қолдады, Донецк халық республикасының (ДХР) тәуелсіздігі үшін 89,7%дауыс берілді. 24 мамырда Донбасстың халық губернаторы Павел Губарев жарияланған Донецк және Луганск халық республикалары біртұтас Новороссия мемлекетінің құрамына бірігетіндігін жариялады.
Дереккөз: ҚазТАГ