14 маусымда «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайында көрнекті халықаралық фестиваль өтеді.
Онда еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ, Қытайдан келетін жас өнерпаздар өнер көрсетеді.
ҚР және Қырғызстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, жазушы Илья Жақановтың шығармалары елімізде өте танымал. Ол «Алматы кешінде», «Асылым», «Жайлаукөл кештері» және басқа да әндердің авторы. «Ықылас» романын жазған, сондай-ақ, бірнеше музыкатанушылық жұмыстары бар.
Фестиваль сағат 10-да, ал, гала-концерт сағат 19-да басталады. Кіру тегін.
Зинат ОРЫНБАСАРОВА