Өзен жағасымен серуендеу – атыраулықтардың жанға жайлы демалысы және қала қонақтарының бағдарламасындағы міндетті тармақ. Ал, Балықшы тұрғындары үшін бұл кешкісін балалармен серуендеуге шығуға болатын бірден-бір демалыс орны.
Алайда, соңғы кездері Балықшы маңындағы жағалау қаланың қолайсыз аудандары туралы әлдебір фильмнің кадрларын еске салатын болған. Көше шамдары жұмыс жасамайды, қараңғы уақытта бұл жер қауіпсіз емес. Бұдан басқа, қоқыс толған жәшіктер, асфальт жиегінде жатқан бөтелкелердің сынықтары, өткен жылғы қураған ағаштармен жабылған сұрғылт жолжиектер және арам шөптердің ортасында қалған дүңгіршектер. Жағалаудағы жаяу жүргіншілер жолы бұрынғыша жекежайға тіреліп, сол жерден аяқталады. Ал, сол соңғы нүктеден жүз метрдей жерде жолды суға тікелей түсетін жерден бөліп тұратын қоршау да аяқталады.
Бұл ауданға қатысты «Арнаулы автобаза» КМК-ның да қиындықтар көріп отырғаны белгілі болды.
– Соңғы ай ішінде бізде осы учаскеде екі бастық ауысты, - дейді «Арнаулы автобаза» директоры Мұратбек МАХАНОВ. – Аумақ өте үлкен, оған тек Балықшы ғана емес, Курилкино мен Холодильник поселкелері де кіреді. Таяу уақытта учаскенің жаңа бастығының жағалауда туындаған проблемаларды реттейтіндігіне сенімдімін. Бұл мәселеге мен өзім бақылау жасаймын.
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген автор