Атырау, 27 қараша 06:47
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қонақ үйдегі жәрмеңке

1 944 просмотра

«Renessans» қонақ үйінде Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қонақ үй бизнесіндегі бос жұмыс орындары бойынша жәрмеңке өтті.

«Marriott» қонақ үйінің қызметкерлермен жұмыс жөніндегі менеджері Елена ПОЛЕВОЙДЫҢ айтуынша, атыраулық қонақ үйлер қазір үлкен кадр жетіспеушілігін бастан кешіріп отыр:

Мәселен, аспазшыларды, қонақтарды орналастыру бөліміне ағылшын тілін білетін қызметкер табу қиын. АМУ-де туризм саласының мамандарын дайындайды, алайда, оны бітірген түлектер қонақ үйлерге жұмысқа келмейді. Сервис колледждердің материалдық базасы әлсіз. Дегенмен, біз бұл колледждермен бірлесе жұмыс жасауға қашан да әзірміз. Сондай-ақ, сәйкесінше білімі болмаса да, жауапкершілігі мол, жұмыс жасай жүріп, оқуға дайын адамдарды да қуана қарсы аламыз.

Бос орындар жәрмеңкесінде «Renessans» пен «Marriott» қонақ үйлерінің өкілдері жұмысқа орналасқысы келетін адамдармен әңгімелесу өткізіп, түйіндемелерін алып қалды. Кімнің жолы болатыны кейін анықталады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.