Атырау, 1 қазан 09:22
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Оқиғалар тізбегі

2 654 просмотра

Маусымның 9-ында кешкісін қала маңындағы Талғайраң поселкесінде Жайықта шомылып жүрген 17 жастағы жігіт суға батып кетті. ТЖД судан құтқару қызметінің қызметкерлері денені 3 сағат өткеннен кейін шығарып алды.

* * *

Маусымның 6-на қараған түні Балауса ықшамауданында 19 және 17 жастағы қала тұрғындары құрылыс алаңында ұйықтап жатқан 25, 29 және 50 жастағы үш құрылысшыны ұйқыларынан оятып, ұялы телефондарын тартып алған. Тонаушыларға іздеу жарияланды.

* * *

Полицияға Атырауда ЖШС-лердің бірінде жұмыс жасайтын Исатай ауданының тұрғыны шағымданды: 6 маусымға қараған түні жалдамалы пәтерде шотында 130 мың теңгесі бар банкомат кәртішкесін ұрлап кетіпті. Оңтүстік Қазақстан облысының 29 жастағы тұрғыны ұрлық жасады деп күдіктеліп, оған іздеу жарияланды.

* * *

Полицияға қаланың 57 жастағы тұрғыны шағымданды: 2010 жылдың 5 маусымында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде берген танысына ол 600 мың теңге беріпті. Содан бері пәтер де, ақша да жоқ. Алаяқтық жасады деп күдіктелген тұлға ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен жіберілді.

* * *

Маусымның 9-ында кілтті үйлестіріп салу арқылы белгісіз біреу Лесхоз ықшамауданындағы пәтерге кіріп, ноутбук пен қолма-қол 40 мың теңге ақшаны қолды қылған. Тергеу жүргізілуде.

* * *

Облыстық ауруханаға «жедел жәрдеммен» дене жарақатын алған 38 жастағы ер адам жеткізілді. Жарақатты оған өзара ұрыс-керіс барысында 33 жастағы көршісінің салғаны белгілі болды. Зардап шегуші полицияға шағымданудан бас тартты.

* * *

Маусымның 9-ында күндіз Исатай ауданының Тұщықұдық ауылдық округінің Сары төбе қыстағының маңында жалпы алаңы 6 мың гектар жерді алып жатқан өрт басталды. Өрт ТЖД өрт сөндірушілерінің және жергілікті тұрғындардың күшімен келесі күні ауыздықталып, өшірілді. Құрбандар мен зардап шегушілер жоқ.

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.