Атырау, 21 желтоқсан 13:05
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

1 837 просмотра

Чемпион жаттықтырушы

№1 БЖСМ жаттықтырушысы Асылбек Қалиев Ақтөбеде өткен шеберлер арасындағы белбеу күресінен Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды.

68 келіге дейінгі салмақта күрескен жерлесіміз бес жеңісті белдесу өткізді. Осылайша, кәнігі спортшы, белбеу күресінен облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Асылбек күзде Ашхабадта өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

***

 

Алғашқы жүлде

Бурабай өңірінде тірек-қозғалу аппараттары бұзылған мүгедектер арасында пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионаты өтті.

Жасөспірімдер арасында 59 келіге дейінгі салмақта Махамбет ауданы Жалғансай ауылының 17 жастағы жеткіншегі Нұржан Молдан «алтын» медаль алды. Ол 85 келілік зілтемірді көтерді. Нұржан осы нәтижемен ересектер арасындағы додада күміс медальға қол жеткізді. Ол облысымызда бірінші рет спорттың осы түрінен чемпион атанды.

Әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта атыраулық Индира Назарбаева (суретте) «күміске» қол жеткізді. Ол 45 келілік зілтемірді көтерді.

Мен 42 жастамын. Бес айдан бері «Атырау облысы мүгедектерінің спорт клубы» КМК-де пауэрлифтингпен шұғылданамын. Бұл - менің алғашқы жүлдем, - дейді Индира.

Суретті түсірген автор

***

 

Орманда адасқан жоқ

Дене тәрбиесі және спортты дамыту өңірлік орталығының қолдауымен Бесікті ауылының маңындағы тоғайда мектеп пен колледж оқушылары арасында спорттық бағдарлаудан облыстық спартакиада өтті.

Жарысқа Атырау қаласы, Құрманғазы ауданы, политехникалық және гуманитарлық колледжден42 адам қатысты. Қатысушылар компас бойынша анықталатын бағдарлар бойынша жүгіруден жарысты. 16-17 жас аралығында Аймұрат Азаматов пен Тоғжан Кендібайқызы, 14-15 жас санатында Мейірбек Салыхов пен Гүлдана Шарапова жеңімпаз атанды.

***

 

Үздіктер ұлықталды

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде футзалдан V Атырау қаласы ашық чемпионатының жеңімпаздары, жүлдегерлері және үздік ойыншылары марапатталды.

Жеңіс тұғырына (сәйкесінше, 1, 2 және 3-орындар): премьер-лига – «АМӨЗ», «КеденТрансСервис», «ЕмбіМұнайГаз», бірінші лига – «Өмірзақ», «Энергетик», «Олимп», екінші лига – Isker, «Университет», «Жұмыскер-Белес», ардагерлер лигасы – «Болат-Ардагерлер», «Атырау СК» және «Алламан».

Чемпионаттың үздік ойыншылары: қақпашыларХангерей Мұхамбетов («Ембімұнайгаз»), Ерболат Сұлтанғалиев («Энергетик»), Жәнібек Сухамберлин («Болат-Ардагерлер»); қорғаушыларҚанат Мусин («АМӨЗ»), Ержан Шарафиев («Өмірзақ»), Бекежан Көшәлиев («Атырау СК»); шабуылшыларДәурен Көшәлиев («КеденТрансСервис»), Сержан Қабақов («Олимп»), Асылан Досымбаев («Алламан»), сұр мергендерНаурызбек Батыров («ҚМГ-Өнімдері»), Өмірбек Харесов («Атырау СК»). Данияр Кенжалиев («АМӨЗ») үздік ойыншы атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.