Атырау, 1 қазан 09:23
 ашықВ Атырау +25
$ 481.19
€ 538.45
₽ 5.18

Аудан жаңалықтары

1 680 просмотра

Қалдықсыз тротуар

Индербор кентінде тротуар жөндеу жұмыстары қолға алынды.

«Железнодорожник-2007» ЖШС демеушілігімен Қонаев көшесінің үш шақырым жүргінші жолына жаңа тас төсемдері төселуде.

 - Жүргінші жолындағы бұрынғы плиталар Шығыс мөлтек ауданындағы көшеге төселмек. Өйткені, мектепке бару-келу оқушылар үшін батпақ кезінде қиын еді, - дейді кент әкімі Бөкенбай НҰРҒАЛИ.

***

 

Қызылқоғаға - 70 жыл

Қызылқоға ауданының құрылғанына 70 жыл толды. Бұл мерейлі шараны қызылқоғалықтар маусымның 6-7-cінде екі күн бойы тойлады.

Шара барысында салтанатты жиналыс, мадақтаулар, жәрмеңке, аламан бәйге, мерекелік концерт, спорт жарыстары ұйымдастырылды.

***

 

Жаз. Балалар. Демалыс 

Құрманғазы ауданында 8 620 оқушының жазғы демалысын ұйымдастыру жұмыстары басталды.

Қазірден бастап35 мектеп жанындағы күндізгі лагерде 2 мыңға жуық бала демалуда. Бұдан бөлек, кейбір оқушылар екі, үш сағаттық лагерлерге барып жүр.

- Күні бүгінде 15 оқушы Көкшетаудағы оқу-сауықтыру орталығына демалуға кетті. Железноводскіде, Алматыда, Бесіктідегі «Тұлпарда» біраз бала демалатын болады, -дейді Құрманғазы аудандық білім бөлімі әдістемелік оқу бөлімінің меңгерушісі Ардақ ҚАРЖАУОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.