Атырау, 27 қараша 06:44
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Қос азаматтығы» бар диплом

1 485 просмотра

Келесі жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті мен ресейлік жоғары оқу орындары, атап айтқанда, Астрахан техникалық және Қалмақ мемлекеттік университеттері қазақстандық және ресейлік қос дипломды беру туралы келісімді жүзеге асыруға кіріседі.

ЕАЭО құру туралы келісімшартқа қол қою қарсаңында Ресейде АМУ делегациясының осы екі университеттегі әріптестерімен бірге өткен кездесуі барысында магистратурада оқудың екінші жылғы бағдарламасы талқыланды.

- 2011 жылдан бастап біздің университеттің 300-ден астам магистранты Астрахан мен Қалмақияның жоғары оқу орындарында сынақ мерзімінен өтті. Ал, биыл 49 магистрант Астрахан техникалық университетінде және тағы 73-і Қалмақ мемлекеттік университетінде сынақ мерзімінен өтті, - дейді АМУ ректоры Бейбіт МАМЫРАЕВ.Келесі жылы осы жоғары оқу орындарында білім алған магистранттар қос диплом алады.

Қос диплом иегерлері жұмысқа орналасу кезінде анағұрлым көп таңдауға ие болатынын айтудың да қажеті болмас.

Анастасия ПАСТУХОВА

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.