Атырау, 27 қараша 06:49
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өрт сөндірушілер парамедиктер болады

2 145 просмотра

Атырауда өрт сөндірушілерге зардап шегушілерге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрететін апталық курстар басталады.

- Адамдар өрттен де, тұтану өнімдерінен де жапа шегуі мүмкін, биіктен құлап немесе үйінді астында қалуы мүмкін. «Жедел жәрдем» келгенше зардап шегушіге шұғыл алғашқы медициналық көмек көрсету қажет жағдайлар болады, бұл сіздің қолыңыздан келуі тиіс, - деді кіріспе дәріс оқуға Атырауға арнайы келген ҚР Ұлттық медициналық қауымдастық президенті Айжан САДЫҚОВА.

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, курстар теориялық және тәжірибелік (облыстық ауруханада) бөлімдерден тұратын болады. Оқу тобына қала мен аудандардағы қарауыл басшылары, бөлімше командирлері мен қатардағы қызметкерлер – барлығы 140 шақты адам кірді. Олар әрі қарай шұғыл медициналық көмек көрсете алатын болады. Курсты аяқтағаннан кейін емтиханды жақсы тапсырған тыңдаушылар парамедик куәлігін алады.

"АЖ" анықтамасы:
Парамедик – апаттан құтқару бөлімшелерінде жұмыс жасайтын және шұғыл медициналық көмек көрсету дағдыларын игерген маман. Парамедик апат, өрт, зілзала, басқа да оқыс оқиғалардың нәтижесінде зардап шеккендерге алғашқы, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.