Атырау, 27 қараша 06:46
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жамағаттың көмегі

1 735 просмотра

6 маусым күні облыстық орталық мешітте 4 жасар Әділхан БИСЕМБАЙҰЛЫНЫҢ анасына ақша жинап беру мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Әділхан туабітті гидроцефалия, көз торының ангиопатиясы, жетілмеген остеогеноз («хрусталь сүйек») сырқатымен ауырады. Яғни, сүйектері осал, тез сынғыш. Оның анасы Ләззат ӨТЕПҚАЛИЕВА мешіттің бас имамынан ұлының кезекті емдеу курсына қажетті қаражат көлемін жинауға мүмкіндігінше көмектесуін сұрап келген болатын. Ананың жанайқайын түсінген мешіттің бас имамы Батыржан МАНСҰРОВ жұма намазынан кейін жиналған жамағатқа жағдайды түсіндіріп, қолдарынан келгенше көмек көрсетуді ұсынған. Нәтижесінде айналдырған бір-екі сағаттың ішінде 344 000 теңге жиналды.

-Менің баршаңызға айтар алғысым шексіз, - деді мешітке келген жамағатқа Ләззат Өтепқалиева көзіне жас алып тұрып. – Мен көпбалалы анамын. Әділхан менің алтыншы, кенже ұлым. Басқа балаларымның дені сау, тек Әділханым ғана ауру болып дүниеге келді. Қазірдің өзінде оның сүйегі екі жерден сынған. Біздер үш жыл қатарынан әрбір үш ай сайын Мәскеудегі Еуропа медицина орталығынан емдеу курсынан өтіп жатырмыз. Әр үш ай сайын Мәскеуге барып, емделуді біздің қалтамыз мүлде көтермейді. Сондықтан көмек қолын созып, қайырымдылық көрсеткен жаны жомарт жандарға алғыс айтамын.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

12 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.