Атырау, 24 қараша 13:10
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мосул тұрғындары қаланы тастап қашып жатыр

1 787 просмотра
Күні кеше Ирактың ең ірі қалаларының бірі Мосулды лаңкестердің басып алғанын хабарлаған болатынбыз. Бүгінде жергілікті тұрғындар жан сақтау үшін қаладан қашып шығып жатыр. Ал, АҚШ болса исламистердің осынау әрекетін бүкіл өңірге төндірген қауіп деп бағалады. 

Ирак полициясының мәлімдеуінше, "Әл-Каидадан" бөлініп шыққан "Ирак пен Леванттың ислам республикасы" ұйымы Киркук пен Салах-эд-Дин провинцияларындағы елдімекендерді басып алған. Бүгінде Мосул қаласының жарты миллионнан астам тұрғыны үйлерін тастап кетіп жатыр. Сүнниттік бағыттағы исламистер сондай-ақ, елдің батысындағы Фаллуджа қаласына да бақылау орнатқан.
АҚШ билігі болса Ирактың премьер-министрі Нури Маликиге сүнниттермен ортақ бітімге келу туралы ұсынысын айтты.

Дереккөз: Baq.kz

11 маусым 2014, 14:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.