Израиль парламенті елдің жаңа президенті етіп Реувен Ривлинді сайлады. Ол бұл қызметте отырған қазіргі президент, 90 жастағы Шимон Перестің орнына сайланды.
10 маусым күні өткен дауыс берудің екінші кезеңінде Реувен Ривлинді 63 депутат қолдаған. Ал оның қарсыласы Меир Шитритті жақтап 53 депутат дауыс берген.
Реувен Ривлин 74 жаста, мамандығы заңгер. Саясатқа 1980 жылдардың ортасынан бастап араласа бастаған. 1988 жылы Израиль парламенті - Кнессетке оңшыл "Ликуд" блогынан депутат болып сайланған. Ариэль Шарон алғаш үкіметті басқарғанда (2001-2005 жылдары) министр болған. 2003-2006 жылдары және 2009-2013 жылдары Кнессеттің спикері болған.
Ривлин 2007 жылы өткен президент сайлауына түскен. Бірақ Шимон Перестен жеңіліп қалған.

Дереккөз: Азаттық радиосы
11 маусым 2014, 09:46