
Әлем чемпионаты Бразилияның 12 қаласында өтеді.
«Бразилия әлемдік біріншілікті өткізуге дайын. Бразилия құшағын кең жайып, бүкіл елдердің футболшылары мен жанкүйерлерін қабылдауға дайын отыр. Алдағы айтулы шараны абыроймен атқаратанымызға сенемін», - дейді Дилма Роуссефф.
Естеріңізге саламыз, 4 жылда бір келетін футболдан әлем чемпионаты 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтіп, Испания құрамасы чемпион атанған болатын. Биылғы біріншілікте кімнің бағы жанарын уақыт көрсетеді. Дегенмен, бұл додаға Еуропа мен Оңтүстік Африканың Германия, Италия, Англия, Аргентина сынды мемлекеттері командаларын сақадай сай етіп дайындап келері анық.
Дереккөз: bnews.kz
11 маусым 2014, 09:18