Атырау, 24 қараша 12:51
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Тәжікстанда YouTube ішінара бұғауланды

1 444 просмотра
Тәжікстанда YouTube видео порталы ішінара бұғауланды. Тәжікстандағы Интернет провайдерлері ассоциациясының төрағасы Асомуддин Атоев Азаттықтың Тәжік қызметіне 9 маусымнан бастап елде бірнеше интернет провайдерінің желілерінде YouTube порталы ашылмай тұрғанын айтады.

Атоевтың сөзінше, Тәжікстанның коммуникация агенттігі бірқатар интернет провайдерлеріне аталған порталды бұғаулауды тапсырған. Бірақ коммуникация агенттігінің басшысы Бег Зухуров агенттіктің порталдың бұғаулануына қатысы жоғын айтады.

Әзірге YouTube порталының не себепті бұғауланғаны белгісіз. Бег Зухуров портал қызметінің кедергіге ұшырауына "техникалық проблемалар себеп болды" дейді.

Соңғы жылдарда Тәжікстан үкіметі бірнеше әлеуметтік, медиа веб-сайттарды, оның ішінде Азаттықтың Тәжік қызметінің веб-сайтын, Facebook әлеуметтік желісін бұғаулаған. Бірақ олардың көбі кейін қайта ашылды.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
10 маусым 2014, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.