Атырау, 24 қараша 13:09
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда ЖОО-ларда диссертация қорғаған соң банкеттер өткізуге тыйым салды

1 742 просмотра

Фото РИА НовостиФото РИА НовостиАлматы. 10 маусым. ҚазТАГ – Қырғызстанда ЖОО-ларда кандидаттық және докторлық диссертация қорғаған соң банкеттер өткізуге тыйым салды, деп хабарлады ҚырТАГ.

«Диссертация қорғаған соң ЖОО-лардың жанындағы кеңестерде банкеттер өткізуге тыйым салынады. Диссертация қорғаған кезде ЖОО басшылары бейнежазу мен аудиожазуды қамтамасыз етулері тиісті», - деп айтқан ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің сөзін агенттік келтіреді.

Қырғыз шенеуніктерінің айтуынша, ондай шешім білім саласындағы жемқорлықпен күрес қадамдары үшін қабылданып отыр.

Ведомство хабарлағандай, осы салынған тыйымның орындалуын бақылау кестесі мен жоспары да анықталған.

ҚР білім және ғылым министрлігінің ғылым бөліміне жыл сайын 31 желтоқсанға дейін қорғалған диссертациялар туралы мәліметтер беріліп отырады.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 маусым 2014, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.