Атырау, 5 желтоқсан 09:29
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

«Терроршы» телефон арқылы үш пойызды жолдан кешіктірді

3 370 рет қаралды

7 маусымда сағат 19.00 шамасында полицияға Атырау қаласының теміржол вокзалында жарылғыш зат салынған деген анонимді қоңырау шалынды. 

Вокзал қызметкерлері мен жолаушылар сыртқа шығарылып, саперлер ғимаратты тексерді – хабарлама жалған болып шықты.  Осы жұмыстармен қатар қоңырау шалған адамды анықтау шаралары жүргізілді. Сол күні кешке Привокзальныйда күдікті қыз құрықталды. Ол мас екен.

Сағат 21.05-те вокзалдағы қоршау алынып тасталды. Вокзал бастығы Айгүл КҮЛШІКОВАНЫҢ айтуынша, телефон тероршысының әрекеті үш жолаушылар пойызын жолдан қалдырған: №19 Атырау – Астана бағытын 1 сағат 21 минутқа, №625 Атырау – Астрахан бағытын 18 минутқа және №47 Астана – Атырау бағытын 55 минутқа кешіктірді.  

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 маусым 2014, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.