Малдың қиын белсенділер парламент депутаттарына "сыйламақ" болған көрінеді. Осылайша олар "Қырғызгаздың" Ресейге берілуіне наразылықтарын білдірген (қарызға батқан аталған кәсіпорын Ресейге 1 долларға сатылып жатыр). Сонымен қатар, шеруге шыққандар Ош қаласында көгілдір отынның болмауына да наразы (Өзбекстан екі ел арасындағы келісімнің уақыты бітуіне байланысты Ош қаласына газ беруін тоқтатқан).
Ақ үй алдына жиналған жастар тезектерді өртемек болған кезде қолға түсті. Тәртіп сақшылары қамауға алынған алты адамды әкімшілік құқық бұзушылыққа барды деп айыптап отыр. Полицияның айтуынша, наразылық акциясы заңға қайшы ұйымдастырылған. Күдіктілерге қатысты сот отырысы бүгін басталады.
Дереккөз: Baq.kz