Телеарнаға берген эксклюзивті сұхбатында Хиллари Клинтон "біз Ақ үйден тек ақшамен емес, қайта қарыз болып шықтық. Біз ол жерге де ақшасыз барғанбыз. Біз бар қаражатымызды үй сатып алған несиені жабу және Челсиге (саясаткерлердің қызы) жақсы білім әперу үшін жұмсадық. Бұл оңай болған жоқ" деді. Билл Клинтон 1993-2001 жылдарда АҚШ президенті болған.
Хиллари Клинтон отбасындағы қаржылық қиындық жайлы тележүргізуші Диана Сойердің ерлі-зайыптылардың көпшілік алдына шығып сөйлегені үшін айына миллион доллар алатыны туралы сауалына орай айтқан. Хиллари Клинтонның ондай шараларда алатын орташа сыйақысы 200 мың долларды құрайды екен. Десе де Хиллари Клинтон ондай шараларға жиі ақысыз қатысатынын айтқан.
Дереккөз: tengrinews.kz