Атырау, 27 қараша 06:36
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Солтүстік-Каспий жобасына қатысушылар бір компанияға бірігеді

1 946 просмотра

Солтүстік-Каспий жобасы бойынша Консорциумға қатысушылар қазіргі жоба операторы - North Caspian Operating Company (NCOC) атауындағы бірыңғай шоғырландырылған біріккен компанияға көшу жөнінде келісімге келді. Агент компаниялар болмайды.

Осыған қатысты NCOC баспасөз қызметі баспасөз хабарламасын таратты:

«Қашаған жобасының игеру кезеңінен өндіру кезеңіне көшуі СКӨБК (Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлінісі туралы келісім) шеңберінде ресурстарды әрі қарай игеруге Консорциумды дайындау мақсатында оператор мен агенттердің қызметін әрі қарай біріктіруге және қосуға мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалану үшін  консорциумға қатысушылар қазіргі операциялық үлгіден бірыңғай шоғырландырылған біріккен компанияға біртіндеп көшу туралы келісім жасады. Ол өз қызметінде игеру, бұрғылау және пайдалану саласындағы NCOC пен агенттердің жетістіктерін пайдаланатын болады. Жаңа компания Консорциум  қатысушылары жасақтаған құрал-саймандар мен процесстерді біріктіретін бірыңғай корпоративтік басқару жүйесінің шеңберінде жұмыс істейтін болады. Бірыңғай шоғырландырылған біріккен компания North Caspian Operating Company (NCOC) деп аталады деп жобаланып отыр».

Баспасөз хабарламасында нақтыланғандай, біріктіру және қосу процесін биыл бастау жоспарланған. Мұнда «бірыңғай операциялық компанияның құрылуына байланысты қызмет құбырларды жөндеу жұмыстарының барысына да, өндіруді жалғастырудың дайындық жұмыстарына да, 1-Кезең жұмыстарының қалған көлемін аяқтауға да әсерін тигізбейді. Орын алған өзгерістер туралы ресми мәлімдемеге дейін бұрынғы басшылықтағы операциялық үлгі қолданылатын болады. Бірыңғай операциялық компанияның қызметкерлерінің басым бөлігі Атырауда болады. Мемлекеттік лауазымдық тұлғалармен өзара байланысты жүзеге асыратын қызметкерлер Астанада орналасады.

Жоспарланған жаңа үлгіге көшу нәтижесінде СКӨБК-де және (немесе) меншік құрылымында өзгерістер болмайды. 2014 жылдың 1 мамырынан бастап Пьера ОФФАННЫҢ ісін жалғастыру үшін NCOC-тың басқарушы директоры лауазымына ExxonMobil компаниясы іссапармен жіберген Стефан де МАЙЁ тағайындалды».

Естеріңізге салсақ, 2009 жылдың қаңтарынан бастап NCOC Солтүстік-Каспий жобасының ресми операторы болды, ал жобадағы рөлдер төрт компанияға - Аджип ККО, Шелл Девелопмент Қашаған Б.В., ЭксонМобил Қазақстан Инк. және NCPOC (ҚМГ мен Шелл) компанияларына бөлінген еді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА 

9 маусым 2014, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.