Атырау, 17 ақпан 16:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Бағаны көтерді

1 811 рет қаралды

Қаржы полициясы Атырау облысында мемлекеттік сатып алулар бойынша бағалардың асырып көрсетілгендігі жөнінде хабарлама таратты.

«Мағзом Ғилаев атындағы Құрманғазы аудандық туберкулезге қарсы күрес ауруханасы» КМҚК, «Құрманғазы аграрлық-техникалық колледжі» ММ және «Облыстық туберкулездің бәсеңдеу түрлерімен ауыратын балаларға арналған №4 шипажай мектеп-интернаты» ММ-де азық-түлік бағаларын асырып көрсету фактілері анықталды. Бұл лоттар жойылып, кінәлі тұлғалар жазаланды, қайта жасақталған лоттар бойынша балалар мен науқастар үшін сатып алынатын азық-түліктердің көлемі 20-30 пайызға көбейді. Бюджет қаржысын үнемдеу 27 млн-нан астам теңгені құрады. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 маусым 2014, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.