- Жеке бас куәлігімді жоғалтып алуыма байланысты мен жаңасын алмақшы болдым және сонымен қоса 2000 жылы алған төлқұжатымды ауыстырып алғым келді. Өйткені, төлқұжатта ЖИН көрсетілмеген еді, бірақ оның мерзімі 2017 жылға дейін. Алдымен Сәтбаев көшесінде орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығына бардым, ондағылар мені Баймұханов көшесіндегі әділет департаментінің 8-кабинетіне жіберді. Ал, ондағылар неге екенін білмеймін маған төлқұжатты ақылы түрде ауыстыруға тура келетіндігін айтты. Осы дұрыс па?
Телефон арқылы
«Егер төлқұжаттың мерзімі өтпеген болса, тек онда ЖИН ғана көрсетілмеген жағдайда құжат тегін ауыстырылып берілуі тиіс»,-дейді әділет департаментінің құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бастығы Гүлжанат АЯЗБАЕВА.