Атырау, 5 мамыр 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жалған куәлік бергені үшін қамауға алынды

4 314 просмотра

Қалалық №2 сотының үкімімен Ш. есімді әйел азамат ҚР ҚК-нің 352-бабында («Көрінеу жалған жауаптар беру») қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, алты айға бас бостандығы шектелді.

Атырау қаласы прокурорының көмекшісі Анар АБДОЛЛАНЫҢ айтуынша, Ш-ның жұбайы Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша, соның ішінде ұялы телефонды ұрлағаны үшін айыпталған. Ш. куәгер ретінде жауап беруге сотқа шақырылған.

Ол сотқа полицейлер одан тәркілеген ұялы телефонды өткен жылдың сәуір айында өз жұмысына жақын маңдағы қоқыс жәшігінен тауып алғанын айтқан. Ш. ұялы телефонның ұрлану фактісі бойынша жұбайын қылмыстық жауапкершіліктен босату мақсатында қасақана осындай жауаптар берген. Сот бұл сөздерді назарға алмады, өйткені ол іске біріктірілген дәлелдермен теріске шығарылды. Ал жалған куәлік берген әйел қылмыстық жаза алды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 маусым 2014, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.