Фото: AFPАлматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Сириядағы президенттік сайлауларда Башар Асад жеңіске жетті, деп хабарлады РБК.
«Сириядағы президент сайлауында 88,7% дауыс жинаған Башар Асад жеңді. Бұл туралы Сирияның парламент төрағасы Мұхаммед аль-Лахам 4 маусым күні кешке мәлім етті», - делінген хабарда.
Парламент спикерінің айтуынша, Б. Асад «сайлауда көп дауысқа ие болып, Сирия президенті болды».
Сирия президентін сайлауы 3 маусымда елде үш жылдан бері жалғасып отырған азаматтық соғыс жағдайында өтті. Дауыс беру тек сириялық үкімет күштерінің бақылауындағы аудандарда ғана өтті. Сирия Орталық сайлау комитетінің мәліметтерінше, сайлауға қатысу сайлаушылардың 73,42%-ын қамтыған.
Б. Асад жеңісі оған үшінші рет ел президенті болуына мүмкіндік береді. Бұрындары ол 2000-шы және 2007-ші жылдары сайлауда жеңіске жеткен.
Дереккөз: ҚазТАГ