Атырау, 24 қараша 11:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстандық студент Бостандағы терактіні тексеруге кедергі келтірген деген айыпты мойындамады

1 309 просмотра

Қырғызстандық студент Хайрулложон МатановҚырғызстандық студент Хайрулложон Матанов.Алматы. 5 маусым. ҚазТАГ – Бостандағы терактіні тексеруге кедергі келтірді деп айыпталып отырған қырғызстандық студент Хайрулложон Матанов айыбын мойындаудан бас тартты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Массачусетс штатының прокуратурасы нақтылағандай, 23 жасар Х. Матановқа тергеушілерге алдын ала жалған ақпарат берген және айғақтарды жойып жіберген деген айып тағылуда. Терактіні жасауға қатысы бар деген айып Х. Матановқа тағылмаған болатын. Ол өзінің айыпсыздығын 4 маусымда өткен алғашқы тыңдауларда мәлім етті.

«Сондай-ақ сот отырысында Матанов сот басталғанша кепілдікпен еркіндікке шығару туралы өтініш беруден бас тартты. Оның айтуынша, оның АҚШ-та туыстары жоқ, ал қамауға алынған соң, оны жұмыстан қуып жіберген, сөйтіп оның қазір күн көріске қаражаты жоқ. Осы іс бойынша келесі сот отырысы 15 шілдеге тағайындалған», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, билік Х. Матанов ағайынды Царнаевтармен достық қарым-қатынаста болған, тіпті жарылыс орын алатын күні олармен түскі ас та ішкен. Бірақ, полиция ағайынды Царнаевтарды іздестіре бастағанда, Х. Матанов олармен байланыста болған телефонынан арылуға әрекеттенген, сондай-ақ ол компьютеріндегі марафондағы жарысқа қатысты іздеу мәліметтерін жойып тастаған.

Егер оны айғақтарды жойып жіберген деп таныса 20 жылға бас бостандығынан айыру және әр жалған көрсетулері үшін 8 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Еске салсақ, Массачусет университетінің екі студенті Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов - 2013 жылы 15 сәуірде Бостонда марафон кезінде жасалған лаңкестік актіні ұйымдастырған деп айыпталған Царнаевтардың кішісі - Джохармен байланыста болған деген күдікпен ұсталған.

Кейін олардың визалық режимді бұзғандығы анықталып, олар қамауға алынған. 2013 жылы 1 мамырда студенттерге қылмысқа қатысты заттай айғақтарды жойып жүберу арқылы тергеуге кедергі келтірген деген айып тағылды. Бұл қылмыстары үшін оларға жиынтық түрінде 25 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Бірақ Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов өздерінің айыптарын мойындамады.

Биылғы 15 қаңтарда Бостонда сот алдындағы тергеу өтті. Тыңдаулар қорытындысында олардың үстінен алқа билерінің қатысуымен сот ісі 2014 жылы 23 маусымда өтеді деген шешім қабылданды. Д. Царнаевтың үстінен сот ісі 2014 жылғы 3 қарашаға тағайындалған.

Дереккөз: ҚазТАГ

5 маусым 2014, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.