
Славянскіге кіреберісте орналасқан блокпостта журналистер алдында сөйлеген Турчинов шекараны жабу "ресейшіл сепаратистерге қару-жарақ тасымалдануын азайтатынын" айтты.
Антитеррористік операция басшылығына шекара қызметімен септесе жұмыс істемегендіктен Ресейден Украинаға қарулы адамдар мен қару-жарақ тиелген көліктер кедергісіз өтіп жатыр деп жиі сын тағылып отыр.
Антитеррористік операция басталғалы шекара бөлімшелеріне де күн сайын шабуыл жасалғаны жайында хабар түседі.
3 маусым күні Украина мемлекеттік шекара қызметі Луганскідегі шекара отряды мен "Станично-Луганское" шекара бөлімшесінің "қауіпсіз жерге көшірілгенін" хабарлаған.
Бейсенбі күні Свердловск қаласында шекарашылар сепаратистер қоршауға алған әскери бөлімді тастап кеткені белгілі болды деп хабарлады "Украинская правда" сайты.
Дереккөз: azattyq.org
5 маусым 2014, 14:20