Фото: ©РИА НовостиҚазақстан визасыз тәртібі бар елдердің рейтингінде 66-орында тұр, - деп хабарлайды Idea Lab порталы. Қазақстандықтарға 61 туристік бағыт ашық.
ТМД елдері арасында Қазақстан жетекші орындарда емес. Айталық, визасыз тәртіптің арқасында Ресей азаматтарына 95 мемлекет ашық болса, украиндер 77 елге еркін кіре алады. Бұл тізімде еліміз Беларусь, Куба, Гана елдерімен бір деңгейде, дегенмен ол Қырғызстан, Молдова, Грузия, Өзбекстан және африкалық мемлекеттерді озып тұр.
Ұлыбритания, Финляндия, Швеция, Дания, Германия, Бельгия, Италия және Нидерланды төлқұжаттары мейлінше еркін саяхаттауға мүмкіндік береді. Бұл елдердің азаматтары 170-тен астам мемлекеттік аумағына оңай кіре алады. Ал анағұрлым жабық елдердің қатарына Пәкістан, Сомали, Ирак және Ауғанстан еніп отыр. Бұл елдер 25-30 мемлекетпен ғана визасыз тәртіп орнатқан.
2014 жылдың мамыр айының соңында Қазақстан мен Аргентина арасында визасыз тәртіп орнағаны белгілі. ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанада аргентиналық әріптесі Эктор Тимерманмен кездесіп, сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы және игерілмеген әлеуеті бар инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Дереккөз: tengrinews.kz