Атырау, 27 қараша 06:39
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Сізге де шетке шығуға тыйым салынған болар?

1 912 просмотра

Бүгінде Атырау облысының 6 763 тұрғынына елден тысқары шығуға уақытша тыйым салынған.

Оған себеп – несиелерді, али-менттерді, әкімшілік айыппұлдарды (соның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін), комму-налдық қызметтерді төлеу және т.б. бойынша қарыздардың болуы, жалпы мөлшері - 13 млн теңге.

Бастысы бережақ мөлшерінде емес, төлемеу мерзімінде болып отыр. Борыштылар тізіліміне азаматтар тек сот шешімінен кейін ғана енгізіледі. Сот қаулысының көшірмелері хабардар болу үшін борышкерлерге, көші-қон процестерін басқару жөніндегі өкілетті органдарға және ҚР шекаралық қызметіне орындау үшін жіберіледі, – дейді Атырау облыстық сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары Күләнда ҚЫСТАУБАЕВА.

Кез келген ниет білдіруші «қара тізімге» ілініп қалған-қалмағанын Әділет министрлігінің adilet.gov.kz сайтына кіріп, тексере алады. Мұны алдын ала жасаған жөн. Өйткені, адамдардың өз проблемалары туралы тек шекарада ғана біліп жататын жағдайлар кездеседі. Мәселен, жақында көлікпен Ресейге бара жатқан бір әйелді Құрманғазы ауданында тоқтатқан.

К.Қыстаубаеваның айтуынша, борышкер «Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен» қарыз төленіп, атқару өндірісі тоқтатыл-ғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде шығарылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 маусым 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.