Атырау, 24 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Анкара Бішкектің Кеден одағына кіруін қолдайды

1 456 просмотра

"Түркия Қырғызстанның Беларусь, Қазақстан және Ресей үштік Кедендік одағына кіруге талпынысын қолдайды" деп мәлімдеді Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоған. Бұл туралы "Интерфакс-Казахстан" ақпараттық агенттігі мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сейсенбі күні Анкарада Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен жүргізілген келіссөздерден кейін өткізілген баспасөз конференцияда Эрдоған "Қырғызстанның Кедендік одаққа кіруге талпынысы, бұл республикаға үлкен мүмкіндіктер ашатын оң қадам. Онымен Қырғызстан күшейе түседі" деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев республиканың интеграциялық жоспарды ескере отырып, экономикалық қатынастарға кері әсері болмауы және тәуекел минималды болуы үшін бұл мәселені жақын болашақта түркиялық тараппен талқылайтынын жеткізді.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 маусым 2014, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.