Атырау, 24 қараша 11:52
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бішкекте американдық авиабазаның ресми жабылу рәсімі болып өтті

1 625 просмотра

Фото: РИА НовостиФото: РИА НовостиАлматы. 3 маусым. ҚазТАГ – Бішкек халықаралық әуежайында американдықтардың авиабазасы – «Манас» транзиттік тасмылдау орталығының (ТТО) жабылуының ресми салтанаты болып өтті, деп хабарлады ҚырТАГ агенттігі.

«3 маусымда авиабазаның жабылуының ресми рәсімі өтуі барысында республика үкіметіне (Қырғызстанның – ҚазТАГ) базаның сиволдық кілтін тапсыру болды», - деп айтқан ТТО қолбасшысы Джон Миллардтың сейсенбі күні айтқан сөзін агенттік келтіреді.

Бұрын хабарланғандай, 2014 жылы 28 ақпанда ТТО барлық миссиясы аяқталды деп есептеледі. Қазір авиабазада 300 әскери қызметкер қалып отыр және олар нысанның аумағын күзетуге ғана жауап береді.

ТТО персоналы Қырғызстан аумағын 2014 жылы 10 шілдеде тастап кетеді. «Авиация, техникалық қызмет пен экипаж басқа жерге қоныстанды. Қазір біз аумақты тазыртудамыз, керек емес ғимараттарды бұзудамыз, жекелеген нысандарды біз Қырғызстан үкіметіне береміз», - деді Д. Миллард.

Оның айтуынша, «Манас» ТТО жұмысы кезінде 5 млн-нан астам әскери қызметкер тасымалданып, жүктерді тасымалдау бойынша 43 мың ұшыу жасалды.

Еске салсақ, былтыр маусым айында Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев «Қырғызстан үкіметі мен АҚШ үкіметінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді  және «Манас» халықаралық әуежайында транзиттік тасымалдау орталығына қатысты келісімді тоқтату туралы» ҚР заңына қол қойған.

Ол заңды 2013 жылы 20 маусымда ҚР жогорку кенеши қабылдады. Заң бойынша аталған келісім 2014 жылғы 11 шілдеден бастап тоқтатылады. 

Дереккөз: ҚазТАГ

3 маусым 2014, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.