Атырау, 24 қараша 11:30
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одаққа кіруді көздемейді

1 803 просмотра

Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одаққа немесе Еуропалық одаққа қосылуды көздемейді, бұл туралы елдің экономика және өнеркәсіп министрі Шахин Мұстафаев РФ экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев қатысуымен өткен Әзірбайжан дипломатиялық академиясы студенттерімен кездесу кезінде айтты, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан". 

"Әзірбайжан Еуразиялық экономикалық одақ болсын, Еуропалық одақ болсын түрлі одақтарға кіру мүмкіндігін қарастырып отырған жоқ, өйткені мұндай жобалардың экономикалық мәні ғана емес, саяси астары да бар", - деді Мұстафаев.

Министр Әзірбайжанның Ресеймен арадағы сауда режимінде ешқандай кедергі жоқ екенін де айтты. Оның айтуынша, Ресей - Әзірбайжанның басты өнім жеткізушісі, оған Әзірбайжан импортының 14%-ы тиесілі.

Өз кезегінде Улюкаев Әзірбайжанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы елдегі қызмет көрсету нарығының дамуына оң әсер ететінін және адами ресурстардың, инвестициялардың еркін жылжуына, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобаларды құруға септігін тигізетінін айтты. Улюкаев егер Әзірбайжан түрлі себеппен Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға мүдделі болмаса, интеграцияның басқа да көмекші формаларын таңдай алатынын атап өтті

Дереккөз: tengrinews.kz

3 маусым 2014, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.