Атырау, 17 ақпан 17:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.97
€ 583.77
₽ 6.39

Оң жақ жағалауда газ 4 маусым күні таңертең беріледі

2 504 рет қаралды

Атырау қаласында оң жақ жағалауда газбен қамту 4 маусым күні таңертең берілетін болады. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы директорының орынбасары Мақсот ӘБУОВ хабарлады.

Атыраудың еуропалық бөлігін газбен қамту 2 маусым күні таңертең «жылу алмастырғышты “Финская” автоматтандырылған газ тарату стансасына ауыстыру қажеттілігіне байланысты» тоқтатылған еді.

– 3 маусым күні кешкісін жаңа жабдықты монтаждау аяқталуы тиіс. Ал 4 маусымда таңертең аралаушылар бүкіл газ тарату қалқандарын тексеріп шығуға тиіс, - деп хабарлады Әбуов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

3 маусым 2014, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.