Атырау, 27 қараша 04:44
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бағаны көтергені үшін айыппұл салынады

1 658 просмотра

Биылғы жазда мұнай өнімдері бағаларының жоғарғы шегі көтеріле ме? Бұл сұрақ көпшілікті қызықтырып отыр.

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) департаментінің басшысы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, соңғы рет шекті бағаны бекіту туралы ТМРА бұйрығы 4 мамырда шықты. Тек дизель отынының құны ғана бір литрі 102 теңгеден 115 теңгеге дейін қымбаттады. АИ-80 және АИ-92 бензинінің бағасы бұрынғыша қалды – тиісінше 89 және 115 теңге.

Жазда бағалар өзгермейтін болар, өйткені олар бар болғаны бір ай бұрын бекітілді ғой, - дейді Р.Мизамғалиева.

Оның айтуынша, ТМРАД осы саладағы заңнаманың сақталуын қатаң бақылайды. Мысал ретінде ол келесі фактілерді келтірді. Жыл басында «Горизонт» отын компаниясы Жылыой ауданының бірқатар бюджеттік мекемелерімен мұнай өнімдерін - АИ-92 бензинінің бір литрін 120 (шектің бағасы 115) теңгеден және дизель отынының бір литрін 112 теңгеден (сол кездегі шекті баға 102 теңге болды) жеткізуге келісімшарт жасаған. Аудандық прокуратура осы заң бұзушылықтарды анықтап, материалдарды ТМРАД-қа жолдаған. Ол өз кезегінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-12-бабында («Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу») қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғады. Мамырда ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен «Горизонт» компаниясына 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 370,4 мың теңге айыппұл салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 маусым 2014, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.