Атырау, 24 қараша 11:45
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бразилия: Сноуден саяси баспана сұраған жоқ

1 979 просмотра
Бразилия сыртқы істер министрлігі АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденнің саяси баспана беруді сұрап Бразилияға өтініш білдіргенін жоққа шығарды.

1 маусым күні бразилия телеарнасына берген сұхбатында Сноуден Бразилия үкіметінен саяси баспана беруді сұрап ресми түрде өтініш білдіргенін мәлімдеген еді. Бразилия сыртқы істер министрі Луис Альберто Фигередо "Егер өтініш түссе, ол қаралатын еді. Әзірге өтініш түскен жоқ" деп, Сноуденнің айтқанын жоққа шығарды.

Эдвард Сноуден өткен жылы америкалық арнайы қызметтің бірқатар мемлекет басшыларының, оның ішінде Бразилия президенті Дилма Руссефтің телефондағы әңгімелерін тыңдағанын жариялаған. Бұдан соң Бразилия президенті АҚШ-қа жоспарлаған сапарынан бас тартқан еді.

2 маусым күні америкалық режиссер Оливер Стоун Сноуден туралы фильм түсіретінін мәлімдеді.

Сноуден АҚШ арнайы қызметінің тыңшылық жасайтын құпия бағдарламасын әшкере еткен соң шетелге кетіп, кейін Ресейден бір жылға уақытша тұруға рұқсат алған. Рұқсат мерзімі биылғы 1 тамыз күні аяқталады.
 
Дереккөз: Азаттық радиосы
3 маусым 2014, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.