Облыс прокуратурасы білім беру, денсаулық сақтау, дене тәрбиесі және спорт салаларында кәмелетке толмаған жастармен жұмыс жасайтын тұлғалардың еңбек заңнамалары нормаларын сақтауын тексеру нәтижелері жөнінде баспасөз бетшесін таратты.
Тексеру барысында сотталу тәртібі өтелмеген тұлғаларды жұмысқа алу фактілері анықталды, ол аз болғандай, жасөспірімдермен кәмелет жасқа толмағандарға қатысты қылмыс (Кісі өлтіру, денсаулығына қасақана зиян келтіру, жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыс) жасаған адамдар жұмыс істеген.
Сондай-ақ, бұрын жемқорлық қылмыс жасағандарды басқару лауазымына тағайындаған фактілер де ашылды. Тексеру қорытындысымен бес мектеп директоры, бас есепші, бес оқытушы, төрт жаттықтырушы, 10 техникалық қызметкер жұмыстан шығарылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ