Атырау, 27 қараша 04:30
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Түрлі форматта

1 774 просмотра

Атырауда мұнай-газ секторын материалдық-техникалық қамту саласындағы өзара қарым-қатынас жөніндегі VII Қазақстан-Британ Форумы өтті.

Қазақстандық тараптан Форумға 40 компания қатысты. Қазақстан және Орталық Азияның сауда мәселелері жөніндегі Ұлыбритания Премьер-министрінің өкілі Чарльз Хендри

басшылық еткен Ұлыбританияның іскерлік делегациясында 42 фирманың өкілдері болды. Форумның қорытындысы бойынша британдық және қазақстандық компаниялар арасында серіктестіктер туралы екі келісімге қол қойылды.

23 қазақстандық-британдық серіктестіктер айналымы 150 миллион долларды құрайды. Қазір 62 серіктестікті құру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Оның 35-і – шағын және орта бизнес, - дейді Ұлттық жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат БЕКТҰРҒАНОВ. – Біз 2020 жылға дейін жаңа серіктестіктер айналымы 2,5 млрд долларды құрауы мүмкін және 20 мыңға дейін жұмыс орындары құрылатын болады деп болжап отырмыз.

Қазақстандық-британдық серіктестіктің көпшілігі Атырау облысында жүзеге асырылады. Оның форматтары әртүрлі: біріккен кәсіпорындар, франчайзинг, серіктестік туралы ұзақ мерзімді келісімдер.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 мамыр 2014, 17:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.