25 мамырда Атырауда жасөспірімдер каникул басталғанының құрметіне облыстық әкімдік ғимаратының артындағы су бұрқағы бар бассейнде бір-біріне су шашып, өздеріне мереке сыйлады. Жасөспірімдердің қуанғаны соншалық, өтіп бара жатқан адамдардың бірі полиция шақырды.
Әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған «флешмобқа» өткен жылғыдай бірнеше жүз адам қатысты, көпшілігі – мектеп түлектері. Балалар оқу жылының аяқталғанына қатты қуанып, үстеріндегі ақ фартуктері мен тәуір костюмдеріне қарамастан, бұрқаққа секірді. Кейбіреулері су атқыш тапаншалар мен ауыстыратын киімдерін алып келіп, алдына ала дайындалыпты.
Ал полицейлерге келетін болсақ, сезімге берілген жастарды еш қиындықсыз ақылға келтірді, абырой болғанда, еш тосын оқиға мен зардап шегушілер болған жоқ.
Анастасия ПАСТУХОВА