23 мамырда тал түсте Атырауда Ә.Молдағұлова көшесіндегі Афанасьев көшесімен қиылысқан маңда жол-көлік оқиғасы орын алып, 24 жастағы қала тұрғыны қаза болды.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, Атырау ықшамауданы жақтан келе жатқан «Приора» көлігі кенеттен аударылып қалған. Зақым салдарынан жүргізуші сол жерде көз жұмды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ